Іле аудандық мәслихатының XІІ кезектен тыс сессиясының

КҮН ТӘРТІБІ

Өтеген батыр ауылы                                                           2021 жылғы 17 қараша

  1. «Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Іле аудандық мәслихатының 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №69-270 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 22-110 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы
  3. Іле ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
  4. «Алматы қаласының ерекше қала құрылысын реттеу аймағында (ЕҚРА) орналасқан Алматы облысы, Іле ауданы, «Боралдай» 5 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау» және «Ынтымақ» 6 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау» жобаларын бекіту туралы
  5. Іле аудандық мәслихатының «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 18-91 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
  6. Іле аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы
  7. Іле ауданының Боралдай кенті мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
  8. Іле ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
  9. Іле аудандық мәслихаты депутаттарының өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы