Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XХIІ сессиясы өтті

Posted by

2022 жылғы 22 маусымда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXII сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары М. Б. Мәдіғұлов, аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Депутаттар келесі мәселелерді талқылады: «Іле аудандық және ауылдық бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы», “Іле ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы”, “Іле ауданы бойынша кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарының ең төмен мөлшерін бекіту туралы”, “Ауылдық елді мекендердің егжей-тегжей жоспарларын бекіту туралы”

Соңғы мәселе бойынша депутаттар ауылдардың егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларын зерделеп, талқылағаннан кейін өз ұсыныстарын берді. Іле ауданы ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бірауыздан пысықтауға қайтарылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *