Іле аудандық мәслихатының XIX сессиясы

Posted by

Бүгін Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс 19 сессиясы өтті. Сессияға   аудан әкімі  Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы,  аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    

Сессия жұмысының алдында  тұрақты комиссиялардың отырысы өтіп, ол жерде сессияда қаралатын мәселелерге қатысты қаулылар қабылданды.

Сессияның күн тәртібінде Іле аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы «Іле ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды. Сонымен қатар, тұрақты комиссия төрағаларының есептері тыңдалып, оларға «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Бұдан басқа, Іле ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *