Аудандық бюджетінің және ауылдық округтер мен Боралдай кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы

Posted by

2021 жылы 15  сәүірі аудандық мәслихатының кезекті XVIII сессиясының жұмысында аудан әкімі Б.Ә.Қарасаев, Іле ауданының 2021 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы және ауылдық округтер мен Боралдай кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы, Іле ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Б. Бөпетаеваның баяндамасы тындалды.

Іле ауданының 2021 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының атқарылуына талдау қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.М.Сағымбаев таныстырды.

Іле ауданының 2021 жылға арналған аудандық бюджетінің кірістері бойынша атқарылу есебімен, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.О. Сметов қосымша сөз сөйледі.

Мәслихат депутаттары жоғарыда аталған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін айтып, тиісті ұсыныстар жасады. Қаралған барлық мәселе бойынша шешім қабылданды.

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне «Іле ауданының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы, аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі» мәселесі бекітілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *