Іле ауданының ауылдық елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі талқыға салынды

Posted by

Бүгін Іле аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында «Іле ауданының ауылдық округтердегі елді мекендерін және Боралдай кентін сапалы интернетпен қамтамасыз ету» мәселесі талқыға салынды. Отырысқа облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, Алматы облыстық  цифрлық технологиялар басқармасының Байланыс және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Ж. Бекетова, аудан әкімінің орынбасары М.М. Қасенов, Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жандосов, Алматы облысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ өкілдері, Іле ауданың интернетпен қамтамасыз етіп отырған операторлары, аудандық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары, Төле би ауылының тұрғындары Нұрғали Л., Жуарбаева Б. қатысты.

Отырыс барысында интернетке қатысты қазіргі таңда аудан аумағында өзекті болып тұрған мәселер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органға бұл мәселені жан-жақты зерделеуге, ал интернетпен қамтамасыз етіп отырған операторларға нақты ұсыныстар жасауға екі апта уақыт берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *