Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті

Posted by

2021 жылғы 17 қараша күні Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев, аудандық бөлім басшылары, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №69-270 Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы Іле аудандық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Іле ауданыдық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпанындағы “ Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” 22-110 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Алматы облысы, Іле ауданы, “Боралдай” 5 Секторы және “Ынтымақ” 6 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы.
Аудандық бюджет бойынша депутаттардың сауалына аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусізова жауап берді және жобаны жобалаушыларға қорғау кезінде депутаттар тарапынан кемшіліктер айқындалып, сұрақтарға жауап алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *