Қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобасын әзірлеу туралы кеңес өтті

Posted by

2021 жылы 3 маусымда  «Алматы облысы ерекше қала құрылысын реттеу аймағында (ЕҚРА) орналасқан Алматы облысы Іле ауданы «Боралдай» 5 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобасын әзірлеу және «Алматы облысы ерекше қала құрылысын реттеу аймағында (ЕҚРА) орналасқан Алматы облысы Іле ауданы «Ынтымақ» 6 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобасын әзірлеу туралы алдын-ала техникалық кеңес өтті.

Аталған жобалар «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бекітілген техникалық жағдайлар мен келісім шарт бойынша “Табрис” ЖШС жобалау мекемесімен және «Градо» жобалау мекемелермен әзірленді. Аталған жобаны әзірлеу Әкімдіктермен және ауылдық округтер мекемелерімен тығыз байланыста дайындалды және ауыл жұртшылығымен қоғамдық талқылау жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы ерекше қала құрылысын реттеу аймағында (ЕҚРА) орналасқан Алматы облысы Іле ауданы «Ынтымақ» 6 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобасының аумағы 954,0 га құрайды.
«Алматы облысы ерекше қала құрылысын реттеу аймағында (ЕҚРА) орналасқан Алматы облысы Іле ауданы «Боралдай» 5 Секторы қала құрылысы торабының нақты жоспарлау жобасының аумағы 1142,84 га құрайды. “Боралдай” 5 Секторында: 1200 орындық 7- мектеп, 14- балабақша, 510 орындық- 1 аурухана жоспарланған. ”Ынтымақ” 6 секторында: 19- балабақша, 9- мектеп, 2-аурухана, бизнес-центрлер мен көпқабатты үйлер жоспарлануда.

Жоба бойынша сұрақтарға нақты жоспарлау жобасының авторлары жауап берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *