2021 жылы 16 сәүір күні Іле аудандық мәслихатының кезекті V сессиясының мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы онлайн режимінде өтті.
Кеңейтілген мәжілісті аудандық мәслихат депутаты Абилова Р.М. жүргізді.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Іле ауданының 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы,
- Еріктілер жылының Іле ауданында өткізілу қорытындысы туралы,
- Байсерке және Күрті ауылдық округі әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері туралы
Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілісіне – аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері қатысты.