2020 жылы 5 қараша күні аудандық мәслихатының кезектен тыс 65 сессиясы Zoom конференция режимінде өтті.
Депутаттар бұқаралық іс-шараларға тыйым салынуына байланысты отырыстың қашықтағы форматын таңдады.
Сессияны № 15 Казцик сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Жеңісбек Жұмабекұлы Бейсембаев жүргізді.
Сессияда келесі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:
«Іле аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 49-220 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы;
Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 10-50 «Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Жер комиссиясының құрамы және жер комиссия туралы Ережесін бекіту туралы;
Іле ауданы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында және аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған болатын.
Сессияға аудан әкімі Б. Ә. Қарасаев, аудандық бөлім басшылары, Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімідері қатысты.
Аудан әкімі Б.А.Қарасаев сессия соңында қорытынды сөз сөйледі. Аймақ басшысы жалпы аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ, ол депутаттарға тиімді өзара іс-қимыл және бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.