2020 жылдың 13 қазан күні Алматы облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушысы Серік Мейірханұлы Мұқанов Алматы облыстық мәслихатының ресми сайтына Ащибұлақ ауылдық округінің тұрғындарынан бірнеше рет келіп түскен шағымдары бойынша Іле ауданына жұмыс сапарымен шықты.
Кездесу барысында Көкқайнар ауылының тұрғындары Т.Бокин, Ы. Ноғайбаева, Ш. Құдайберді көшелеріне жарық жүргізу мәселесін көтерді. Осы отырысқа облыстық мәслихатының депутаттары Ж. Тельпекбаева, Т. Ботабеков, облыстық мәслихатының депутаты У. Касановтың өкілі Г. Әбельдаева, аудан әкімінің орынбасары М. Хасенов, аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова, аудандық мәслихатының депутаты Ә. Исаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы қатысты.
Отырыс барысында Ащибұлақ ауылдық округінің әкімі жоғарыда айтылған көшелеріне «Кульбит строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр желісін тарту жұмыстарын бастағаны туралы және ағымды жылдың қазан айынын аяғына дейін аяқталатыны туралы хабарлады және 15 қарашасына дейін тұрғындар техникалық шарттары мен дербес шоттарын рәсімдейтіндері туралы келісімге келді. С. Мұқанов кездесу соңында атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастыратыны туралы мәлімдеді.