Іле аудандық сайлау комиссиясының бекіткен Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 29 қазан күні Өтеген батыр кентінің №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Күрті және Междуреченск ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.
Іле аудандық мәслихат депутаттары таңдаушыларының отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаиловна Абилова жүргізді
Күрті және Междуреченск ауылдық округі әкімдерінің лауазымына сайлау өткізілгеннен кейін Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Чинаева сайлау қорытындысының хаттамасымен депутаттарды таныстырады.