Іле аудандық сайлау комиссиясының бекіткен Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 28 тамыз күні Өтеген батыр кентінің №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Казцик ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.
Іле аудандық мәслихат депутаттары таңдаушыларының отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаиловна Абилова жүргізді
Казцик ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілгеннен кейін Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Чинаева сайлау қорытындысының хаттамасымен депутаттарды таныстырады.