Іле аудандық сайлау комиссиясының бекіткен Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 30 мамыр күні Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінің мәжіліс залында Энергетик және Қараой ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.
Іле аудандық мәслихат депутаттары таңдаушыларының отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаиловна Абилова жүргізді
Энергетик және Қараой ауылдық округі әкімдерінің лауазымына сайлау өткізілгеннен кейін Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Чинаева сайлау қорытындысының хаттамасымен депутаттарды таныстырады.