2018 жылы 20 желтоқсанда С.Дәулетовтың төрағалығымен өткізілген Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясында Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизова баяндама жасап, Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекітуді ұсынды. Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.В.Батыр қосымша баяндама жасап, депутаттар Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекітуді бірауыздан қолдады.
Бұған қоса «Іле ауданының Энергетический ауылдық округінің Өтеген батыр ауылы мен Жетіген ауылдық округінің Жетіген ауылы елді мекендерінің бас жоспарларын түзетуді бекіту туралы» мәселесі қаралып, бекітілді.
Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилованың 2018 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы мәліметке алынып, атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағаланды.
Іле аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып № 17 Жәпек батыр сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ә. Ә. Исаев сайланды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, бюджетті жоспарлау туралы ақпарат беріп, алдағы жаңа жылда тұрған нақтылы міндеттер туралы айтып берді.