9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай, аудандық мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Өкінішке орай, жылдан жылға ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің саны да азайып барады. Кәзіргі таңда ауданымызда 17 ардагеріміз бар.
Аудан әкімі атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері ақшалай көмек және азық түлік жиынтығын алды. Сонымен қатар, Елбасымыздың жолдаған құттықтау хаты мен «Нұр Отан» партиясы атынан есімдері зерделеніп жазылған қолсағат тапсырылды.