2018 жылдың 16 қаңтарында, Іле аудандық мәслихатының депутаттар бөлмесінде ” Іле ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы” КММның директоры Айбек Амангельдіұлы Рақымбаев “Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбы бойынша депутаттық оқу өткізді. 2 түрі-атаулы әлеуметтік көмек туралы – шартсыз және шартты ақшалай көмек туралы депутатытарға түсіндірілді. Халыққа жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектен күтілетін нәтижесі туралы А. А. Рақымбаев егжей-тегжейлі айтып берді.
