Біздің ауданымызға ресми танысу сапарымен Қырғыз делегациясы келді. Кездесу өте қызықты өтті. Олардың құрамында депутаттар, әкімшілік басшылары, ауылдық өзін-өзі басқарудың жауапты хатшылары болды. Біздің көршілерді ауылдық округтердің әкімдерін сайлау тәртібі, жергілікті бюджетті қалыптастыру және бөліп тарату, сайлаушылармен бірге іс-қимыл жасау т.б. мәселелер қызықтырды. Мәлімет үшін, көршілес республикада екі деңгейдегі бюджет болса, біздің елде қаңтар айынан бастап төртінші – ауылдық деңгей болады.
