2017 жылғы 17 тамызда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясында Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізілді.Бұған қоса 2017 жылғы 9 тамыз күні өткізілген сайлау қорытындысы бойынша Садыр Тұрсынжанұлы Закиржанов Энергетик ауылдық округінің әкімі болып сайлануына байланысты
№ 9 Жаңа дәуір сайлау округінен сайланған депутат С.Т. Закиржановтың өкілеттігін алу туралы мәселесі қаралды.
