Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы

08.01.1969 жылы туған. Ұлты қазақ.

Білімі жоғары, Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер мамандығы бойынша бітірген.

ШЖҚ “Іле су құбыры” МКК директоры, энергетикалық ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта Шаруашылық жүргізу құқығындағы “Іле коммуналдық шаруашылығы”мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы.

Садыр Тұрсынжанұлы өзін тәртіпті және ұқыпты қызметкер ретінде ғана емес, сондай-ақ өз құзыретіндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шешімдерді қабылдауда жауапкершілікті өз мойнына алуға бастамашыл және қабілетті басшы ретінде де көрсете білді. Өзін жаңа техника мен озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске енгізу мәселелеріне белсенді назар аудара отырып, өз ісінің тамаша ұйымдастырушысы және білімді, сауатты маманы ретінде көрсетті.

Іле аудандық мәслихатының  6 шақырылымының депутаты