Мәслихат депутаты  өз құзырына қатысты мәселелер бойынша әкімге, тиісті сайлау комиссиясының төрағасына, оның бір мүшесіне, прокурорға, орталық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына, жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға, сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарына ресми хат жолдауына құқықты.

Депутаттық сауалға берілетін жауап жазбаша түрде, бір айдан кешікпей берілу керек. Өз сауалына алған жауабы бойынша депутат өз ойын айтуға құқылы.

Прокурорға жолданған  сауал қылмыстық тергеумен байланысты болмауы керек.

Депутаттың сауалы – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен  кепілденген, мәслихат құзырына қатысты , олардың қызметіне қажетті қандай да болсын мәселені мәслихат сессиясына қажетті жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларынан тиісті жауаптарын талап етуге және алуға құқылы.

Депутаттың сауалы – мәслихатқа есеп беретін және оның бақылауындағы органдар мен ұйымдардың қызметіне, олардың жұмысындағы қателіктерді анықтау немесе жою мақсатындағы мәслихат депутатының бақылау құралы ретінде қарауды көздейді.

Депутаттың сауалы – мәслихат құзырына кіретін, сессияның күн тәртібіне қатысы болмаса да кез келген мәселе болуы мүмкін.

Депутаттың сауалы – сайлаушылардың мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да қоғамдастықтарды тарту үшін пайдаланады.

Ережеге сәйкес, депутат сауалы мәслихат сессиясында жазбаша түрде қаралып, шешім қабылданады.

Депутат мәслихат сессиясының алдында сауал салуына және оны күн тәртібіне енгізуді ұсынуына болады.

Сауал сессия барысында да салынуы мүмкін.

Сауалды бір депутат, немесе бірнеше депутаттар тобы жасауы мүмкін.

Сессия төрағасы келіп түскен сауалдың мәтінін оқып шығуға міндетті.

Депутаттың сауалы мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізіледі.

Сауал жолдаған депутатқа және мәслихатқа органдар мен қызметтік тұлғалар нақты жауап беруге міндетті.

Мәслихат сессиясында жолданған сауалға тікелей байланысты жауап болу керек.

Егер жолданған сауалға жауап беру үшін уақыт қажет болып жатса, мәслихат жауап беру мерзімін тағайындайды, мысалы келесі кезекті сессияға дайын болуын ескертеді.

Депутаттың сауалына берілген мемлекеттік мекеменің жауабы міндетті түрде мәслихаттың келесі, кезекті сессиясында хабарлануы керек.

Депутаттың сауалы және оған берілген жауап мәслихатта талқылануы керек, және осы талқылау нәтижесі бойынша мәслихат тиісті  шешім қабылдауы керек.

Депутаттық өтінімдер

Депутаттың өтінімі заңның бұзылуы туралы, сайлаушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай ақ мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен органдардың әрекеттеріндегі бюрократтық былықтарды әшкерелеу туралы сайлаушылардың өтініштері мен арыз – шағымдарына байланысты пайдаланылады.

Депутат өтінімі мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен органдардың басшыларына мәслихаттың тиісті белгісі бар бланкіге жазылады.

Мәслихат депутатының жіберген өтінімін қызметтік тұлға қарауға міндетті және оған белгіленген мерзімде жауап беруі керек.

Өтінім берген депутат мәслихат құзырына қатысты мәселелерді көтереді және олардың жүзеге асырылуына ықпал етеді.

Мәслихат депутаты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың отырыстарында өзінің берген өтінімін талдауға қатысуына болады.

Ереже бойынша, депутаттың өтінімін талқылау туралы мемлекеттік орган немесе ұйым депутатты алдын ала хабардар етуі керек. (уақыты және орны туралы)

Депутат сайлаушыларының өтініштері, арыз- шағымдарының негізінде, өзінің   мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберген өтінімінің орындалу барысына бақылау жүргізуіне құқықты.

Депутаттың өтінімін, оның сайлау округіндегі жұмысының ең басты формасының бірі ретінде қарау керек.