Іле аудандық мәслихатының XXXIV кезектен тыс сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Өтеген батыр ауылы 2018 жылғы 13 қараша
- Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 19-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25-118 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 22-110 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы.
- Автотұрақтарға (паркингтерге), сондай-ақ Іле ауданының шекараларындағы тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе заңнама бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) және елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы.
- Іле ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы.