Өтініші бойынша шығу

Posted by

Байсерке ауылдық округінің тұрғыны А.С.Қасабулатовтың өтінішін зерделеу мақсатында аудандық мәслихат хатшысының өкіміне сәйкес комиссия құрылды. Комиссия құрамына мәслихат депутаттары, жауапты органдар мен Байсерке ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері енгізілді.

Іле аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилованың басшылығымен аталған комиссия шағым түскен үйге барып, мәселенің мән-жайымен танысты.

Арқабай көшесі, №148 үйде тұратын А.Т.Утегенов есігінің алдында санитарлық нормаларды еш сақтамастан ірі қара мал ұстап, оларды осы жерде сояды. Көршілер малдың иісінен бұл жерде тұру мүмкін еместігін айтып, шағымданды.

Өтініште көрсетілген мәселер орнында анықталып, мал ұстау нормаларымен Заң жүзінде айналысу керектігі түсіндірілді және тиісті шаралар қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *