24 ақпанда 2022 жылы  Іле аудандық мәслихатының кезекті 17 сессиясы өтті

Posted by

Сессия жұмысының алдында  Іле аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Майгүл Қалдыбаева жаңа депутаттарға Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы мен Константинов Евгений Федоровичке төс белгі мен депутаттық куәліктерін табыстады.

Сессияның күн тәртібінде Іле ауданында жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, Ащыбұлақ және Чапай ауылдық округі әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі қаралып, екі округтің әкімдеріне депутаттар тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Сонымен қатар, Іле ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы және мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.


Сессияға   аудан әкімі  Қарасаев Б.Ә., Іле аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, жастар ресурстық орталығының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.     

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *