2022 жылы 24 ақпан Депутаттық оқуды Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.М.Абилова жүргізді.
Депутаттар келесі тақырыптармен танысты:
1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» Мәлімдемесі туралы.
2. Іле аудандық мәслихатының регламенті туралы.
Бірінші мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» Мәлімдемесі туралы, Іле аудандық мәслихатының бас маманы Р. А. Жапар баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша – Іле аудандық мәслихатының регламенті туралы, Іле аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ә. С. Керімбекова таныстырды.
Кездесу барысында депутаттар сұрақтар қойды.