Іле аудандық мәслихатының кезектi XIV сессиясы өтті

Posted by

2021 жылы 27 желтоқсанда  кезектi XIV сессиясын Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилова жүргізді.

Сессияға   аудан әкімі  Қарасаев Б. Ә., экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі шақырылып, қатысты. Басқа қатысушылар zoom арқылы қосылды.

Депутаттар алдын-ала Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланған, Іле   ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекітті.  Іле ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Б.Бөпетаеваның баяндамасы мен  «Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. О.Сметовтың қосымша баяндамасы тыңдалды.

Іле аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы, мәселесі алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, ұсынылған Іле аудандық мәслихат хатшысының жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға берілді.

Ащыбұлақ ауылдық округі Көкқайнар ауылының және Байсерке ауылдық округі Қоянқұс ауылының нақты жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізу туралы мәселесі толықтыру үшін қайтарылды.

Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, ауданның даму жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беріп, алдағы тұрған міндеттер туралы айтып берді. Ол депутаттарға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *