Іле ауданының Энергетик ауылдық округі әкіміне үміткерлердің сайлау алдында кездесуі өтті

Posted by

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1-баптарына сәйкес, Іле аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 наурызда №7 қаулысымен өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылған әкімнің орнына  Энергетик ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 28 сәүірінде тағайындалған болатын.

Энергетик ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу Іле аудандық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес,  Энергетик ауылдық округі әкімдігіне үміткерлердің сайлау алдында аудандық мәслихат депутаттарымен (таңдаушылармен) кездесу өткізілді. Энергетик ауылдық округі әкіміне үш үміткер өзінің бағдарламаларымен депутаттарды таныстырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *