Мәслихаттың кезекті 4 сессиясы онлайн режимінде өтті

Posted by

16 сәуір 2021 жылы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы I tube режимінде өткізілді. Сессияны С.Д.Жарқынбеков жүргізді.

Іле ауданы мәслихатының кезекті 4 сессиясында аудан әкімі Б.Қарасаевтың қатысуымен Іле ауданының 2020 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы және ауылдық округтер мен Боралдай кентінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Іле ауданы әкімдігінің жылдық есебін қарау туралы   Іле ауданының қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Д. Ж. Раздыкованың баяндасы тындалды .

Қосымша баяндаманы  бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Т. Ә. Омаров жасады.

Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Исабаев 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы туралы қосымша сөз сөйледі.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Іле аймағындағы «Еріктілер жылы» аясындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп тыңдалды, онда депутаттар Іле ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі А. Р. Абдрахмановтың  атқарған жұмыстарына  «қанағаттанарлық» баға берілді.

Кезекті сессияның күн тәртібіне «Іле ауданының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы, аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі» ұсынылды.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына аудандық мәслихат депутаты – Айдын Мақпырұлы Иманбеков сайланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *