Zoom конференция режимінде тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті

Posted by

2021 жылы 16 сәүір күні Іле аудандық мәслихатының кезекті V сессиясының мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы онлайн режимінде өтті.

Кеңейтілген мәжілісті  аудандық мәслихат депутаты Абилова Р.М.  жүргізді.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. Іле ауданының 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы,
  2. Еріктілер жылының Іле ауданында өткізілу қорытындысы туралы,
  3. Байсерке және Күрті ауылдық округі әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері туралы

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілісіне – аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары,  Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *