2021 жылы 26 наурыз күні аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізіліп, онда мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларына келісімдер берілді.
Тұрақты комиссияның мәжілісін аудандық мәслихат хатшысы Р. М. Абилова жүргізді.
Тұрақты комиссияның отырысына Іле аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы мен мүшелері, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Е. Нұрқасым, «Жетісу» НК СПК» АҚ қызметкері А.Бекбатыров, жер учаскелерінің иелері қатысты.