2021 жылғы 17 наурызда онлайн режимде Aitube арнасында өткізілген мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясында келесі мәселелер қаралды:
- Іле ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
- 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №69-270 Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы Іле аудандық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Іле аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы және штат саны туралы.
- «Іле ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Іле ауданының Қоғамдық Кеңес құрамына өзгерістер енгізу және кандидаттардың резервтік тізімін бекіту туралы.
ZOOM арқылы ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.