Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкіміне үміткерлердің сайлау алдында кездесуі

Posted by

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1-баптарына сәйкес, Іле аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 ақпандағы №4 қаулысымен өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылған әкімнің орнына  КазЦИК ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 17 наурызға тағайындалған болатын.

КазЦИК ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу Іле аудандық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 10 наурыз күні  КазЦИК ауылдық округі әкімдігіне үміткерлердің сайлау алдында аудандық мәслихат депутаттарымен (таңдаушылармен) кездесу өткізілді. Казцик ауылдық округі әкіміне төрт үміткер өзінің бағдарламаларымен депутаттарды таныстырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *