Депутаттар Іле ауданындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Posted by

2021 жылы 10 ақпанында Іле аудандық мәслихат депутаттарына арнайы депутаттық оқу жүргізілді.  Депутатық оқуды Іле аудандық  мәслихат хатшысы Р. Абилова жүргізді.

Күн тәртібіне келесідей мәселелер қарастырылды:

  • Іле ауданындағы әлеуметтік бағдарламалары туралы;
  • Іле ауданыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021», «Еңбек», «Бастау бизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру туралы;
  • Іле ауданында «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламаларын және «7-20-25», «5-20-25», «2-10-20» ипотекалық бағдарламаларының іске асырылуы туралы;
  • Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.

Баяндамамен Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жұмакүл Смаилқызы Айтенова, Іле ауданының жұмыспен қамту орталығының басшысы Айбек Аманкелдіұлы Рахимбаев, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлім басшысы Әуелбек Батырбекұлы Майшыбаев және Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлім басшысының орынбасары Ақмарал Абдувалиқызы Айбасова жасады. Аудандағы басты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған программалар, ипотекалық бағдарламалар мен ауылшаруашылық дамытуға арналған субсидиялармен танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *