Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асырылуын бақылау бойынша жұмыс тобымен кездесу

Posted by

2021 жылғы 22 қантарда Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асырылуын бақылау бойынша жұмыс тобымен кездесу өтті.

Отырысты Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы ашты. Жиынға қатысып отырғандарға облыстық мәслихатта құрылған жұмыс тобының міндеттері және мақсаттары туралы айтып берді.

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы толық нұсқасын Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы А. Алимбекова таныстырды.

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж. Жөргенбаев депутаттарды VII шақырылымдағы мәслихатына сайлануымен құттықтап, сайлаушыларының өтініштерін шешу үшін сайлау алдындағы  берген уәделерді жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Жұмыс тобының отырысына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев, аудандық мәслихат хатшысы Р.М.Абилова, аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *