VIІ рет шақырылған Іле аудандық мәслихаттың I сессиясы өткізілді

Posted by

2021 жылы 15 қаңтарда VII шақырылған аудандық  мәслихаттың І сессиясында мәслихат хатшысы және жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды.

VII шақырылымының Іле аудандық мәслихаттың хатшысы болып депутат Абилова Роза Михаил Кизи  бірауыздан сайланды.

Сессияны Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Чинаева Галина Евгеньевна ашты. VII шақырылған  Іле аудандық мәслихатының депутаттарының құрамы анықталды.

2021 жылы 10 қаңтардағы сайлаудан кейін ​​«Нұр Отан» партиясы 18 депутаттық мандат алды, «Ақ жол», «Ауыл» және «Қазақстан халық партиясы» әрқайсысы 2 мандат алды. Аудандық мәслихатта  барлығы 24 мандат.

Аудандық мәслихатының жаңадан сайланған  депутаттарды құттықтап  Г.Е.Чинаева  куәлік  пен депутаттық төсбелгілерін тапсырды.

Депутат Сұлтан Данашұлы Жарқынбеков мәслихаттың 1 сессиясының төрағасы болып сайланды.

Екінші мәселені талқылау барысында тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары сайланды.

Мәслихат депутаттарының алдында аудандық  әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы сөз сөйледі.  Біздің ауданымызда сайлаушылардың саны: 162 мың 918 болса оның 110 мың 877-і дауыс беріп шықты. Пайызбен айтатын болсақ: 68,6 %-ды көрсетті. Өткен шақырылыммен салыстырғанда 6 депутатқа көбейіп, 90% құрамының өзгергенін хабарлады.

Сайланған депутаттарға қызметін жақсы атқаруға және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы  депутат Давлетов Сыдық Әбуұлы сайланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *