Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті мәслихат сессиясында бекітілді

Posted by

2020 жылы 25 желтоқсанда  Ж.Ж. Бейсембаевтың төрағалығымен өткізілген Іле аудандық мәслихатының кезекті 69 сессиясында Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизова баяндама жасап, Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекітуді ұсынды.

0V8A6238

Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.В. Батыр қосымша баяндама жасады.

0V8A6262

Бұл мәселе алдын-ала тұрақты комиссиялардың және Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында талқыланып, Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы ұсыныс  қабылданды.

Депутаттар Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекітуді бірауыздан қолдады.

Сессияға   аудан әкімі  Қарасаев Б. Ә., экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.      

Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы,  ауданның даму жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беріп, алдағы тұрған нақтылы міндеттер туралы айтып берді.

MyCollages

Сондай-ақ, ол депутаттарға өткен жылдардағы бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.

MyCollages (1)

Аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев және аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилова алтыншы шақырылымның аудандық мәслихат депутаттарына Алғыс хаттарды тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *