Zoom конференция режимінде кеңейтілген мәжіліс өтті

Posted by

2020 жылы 24 желтоқсан күні Іле аудандық мәслихатының кезекті LXIX сессиясының мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес пен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы онлайн режимінде өтті.

Кеңейтілген мәжілісті Қоғамдық Кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты
Е.С. Тұрымбетов жүргізді.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

Іле ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы.

Іле ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құру туралы.

Алматы облысы бойынша жол активтерінің сапасы туралы.

 

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәліметке алынды және кезекті сессияның қарауына ұсынылды.

PHOTO-2020-12-24-12-11-42

Қоғамдық кеңес пен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілісіне – аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *