2020 жылғы 27 тамыз күні Іле аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген мәжілісінде бірінші мәселе бойынша – «Іле ауданының Қоянқұс ауылы және Боралдай кентінің Бас жоспарымен біріктірілген нақты жайғастыру жобаларына өзгеріс енгізуін бекіту туралы» мәселесі тыңдалып, талқыланды.
«Аудан мектептерінің 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығы туралы» мәселе бойынша Іле ауданы білім бөлімінің басшысы Л. Ж. Каткеева сөз сөйледі.
Кеңейтілген мәжіліс отырысына аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен Боралдай кентінің әкімдері, аудандық бөлімдер мен қызметтер басшылары және баспасөз өкілдері қатысты.