2020 жылғы 24 маусымда онлайн режимінде өткізілген мәслихаттың кезектен тыс 58 сессиясын № 15 КазЦиК сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Бейсембаев Жеңісбек Жұмабекұлы жүргізді, онда келесі мәселе қаралды:
- Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі «Іле ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» № 2-13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 07 желтоқсандағы «Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 35-166 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.