2020 жылғы 24 сәуірінде онлайн режимінде өткізілген мәслихаттың кезекті 56 сессиясын № 3 Водник сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Майра Абдыхалыққызы Егембердиева жүргізді, онда келесі мәселелер қаралды:
- Іле ауданының 2019 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы Іле ауданы әкімдігінің жылдық есебін қарау туралы.
- Іле ауданының ауылдық округтері және Боралдай кентінің 2019 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы ауылдық округтер мен Боралдай кенті әкімдері аппаратының жылдық есебін қарау туралы.
- Тұрақты комиссия төрағаларының өздеріне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындауы туралы есептері.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.