2020 жылғы 16 маусымда өткізілген мәслихаттың кезектен тыс 57 сессиясын № 13 Қараой сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов жүргізді.
Сессия төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 351 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылдың 12 тамызына тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Серікжан Ислямұлы Бескемпіровтың кандидатурасын ұсынды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды қолдап, аудандық мәслихат депутаттары Ә.Ә.Исаев, М. С. Кошалко және М. А. Егембердиева сөз сөйледі.
Сессияда аудандық мәслихат депутаттары Серікжан Бескемпіровтың кандидатурасын ұсынуға бірауыздан дауыс берді.
Сессияға аудан әкімінің аппарат басшысы М. Б. Мәдиғұлов, Алматы облыстық мәслихат депутаттары және баспасөз өкілі қатысты.