Абилова Р.М. и аким Карасаев Б.А.

Аудандық мәслихат сессиясынан

Posted by

Мәслихаттың кезекті LІI сессиясы 2020 жылы 27 ақпанда өткізілді. Сессияға аудан әкімі Б. Қарасаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысының м.а., аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері,  жастар ресурстық орталығының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда «Жастар жылының Іле ауданында өткізілуі қорытындысы туралы»  Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаевтың баяндамасы тыңдалды.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі – Р. Нұрбаев қосымша баяндама жасады.

Нурбаев Р.М.

Іле аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Е.Тұрымбетов сөз сөйлеп, қаралған мәселе бойынша «Жастар жылының Іле ауданында өткізілуі қорытындысы туралы» аудан әкімінің орынбасары А.Сатибаевтың баяндамасын назарға алуды, Жастар ресурстық орталығының атқарған жұмысын «жеткіліксіз» деп тануды ұсынды.

Турымбетов Е.С.

Жетіген және Междуреченск ауылдық округтері әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы аудандық депутаттарының алдындағы есепті баяндамалары тыңдалып, атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

Жарыссөзде «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері» жөніндегі тұрақты тұрақты комиссияның мүшелері, № 12 Магистральный сайлау округінен сайланған депутат С.Нұрғисаева және № 14 Междуреченск сайлау округінен сайланған депутат – С. Тарасов қосымша баяндамалар жасап өз ұсыныстары мен бағасын берді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына №3 Водник сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты – Егембердиева Майра Абдикаликовна сайланды.

Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібінде  «2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Іле ауданы  әкімдігінің жылдық есебін қарау туралы» ұсынылды.

Іле ауданының әкімі Б.Қарасаев қорытынды сөзінде Жастар ресурстық   орталығының жұмыс атқаруын жеткіліксіз деп тануына әбден келісетінің, алайда ауданда біршама жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Осы жыл «Волонтерлер жылы» болғандықтан, Жастар ресурстық орталығыныа нақтылы ұсыныстар берді. Сессияда қаралған аса маңызды мәселені көтеріп, іс-шаралар қолдану ұсыныстары үшін аудан депутаттарына өзінің ризашылығын білдірді.

Депутаты 2

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *