2020 жылғы 13 ақпанда Іле аудандық мәслихатының депутаттық бөлмесінде ауылдық округтер қызметкерлерінің қатысуымен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жиналысы өтті.
Жиналыста Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челлендж өткізу, 2020 жылғы атаулы даталарды өткізу, ескерткіштерді аббаттандыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік-құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.С. Керімбекова ауылдық округтердегі көшелерді қайта атау туралы нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында келісу және тіркеу бойынша методикалық оқу өткізді.