Мәслихаттың кезекті 49 сессиясында

Posted by

 

2019 жылғы 27 желтоқсанда өткізілген мәслихаттың кезекті 49 сессиясын  № 8 «Байсерке» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Советбек Біләлұлы Дөненбаев жүргізді.

Депутаттар алдын-ала Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланған, «Іле   ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекітті.  Іле ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г. Т. Естеусизованың баяндамасы мен бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.В. Батырдың қосымша баяндамасы тыңдалды.

Іле аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы, мәселесі бойынша алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, ұсынылған Іле аудандық мәслихат хатшысының жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға берілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына № 5 «Гүлдер» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ерубаева Гульжан Жубайқызы ұсынылды.

Кезекті сессияның күн тәртібіне «Жастар жылының Іле ауданында өткізілуі қорытындысы туралы» мәселесі ұсынылды.

Сессияға аудан әкімі Б.Ә.Қарасаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, баспасөз өкілі қатысты.

IMG_0909

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *