Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі Іле ауданының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаевқа берілді.
Салтанатты жиында Іле аудандық мәслихатының хатшысы Роза Михаилқызы Абилова, Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов, Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлмира Ақжолтаева құттықтау сөз сөйледі.
Аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев және аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилова депутаттарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды және мерекелік медальдар мен «Алматы облыстық мәслихаты» атты кітаптарын тапсырды.