Іле аудандық сайлау комиссиясының бекіткен Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 25 желтоқсан күні Өтеген батыр кентінің №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Ащыбұлақ ауылдық округ әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.
Іле аудандық мәслихат депутаттары таңдаушыларының отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаил кизи Абилова жүргізді.
Ащыбұлақ ауылдық округ әкімі лауазымына сайлау өткізілгеннен кейін Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Чинаева сайлау қорытындысының хаттамасымен депутаттарды таныстырады.