Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVII сессиясында

Posted by

2019 жылдың 26 қарашасында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVII сессиясында ауданындық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизованың ұсынысымен Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы  «Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 36-169 шешіміне өзгерістер енгізілді.

фото3Іле ауданының жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Е. Нұрқасымов Іле ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту және Іле ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы ұсыныстар жасады.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында және аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылғандықтан сұрақтар болмады.

фото2Сессияға аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев, аудандық бөлімдер мен басқармалардың  басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.   

Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы,  ауданның даму жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беріп, алдағы тұрған нақтылы міндеттер туралы айтып берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *