Мәслихат сессиясында Іле ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы – аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есепті баяндамасы тыңдалды

Posted by

2019 жылы 24 шілде күні аудандық мәслихаттың кезекті 44 сессиясында аудан әкімі Б.Ә.Қарасаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы – аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есепті баяндамасы тыңдалды. Жарыссөзде мәслихат депутаттары С.Б.Дөненбаев, М.А.Егембердиева, А.Б.Скоропадский сөз сөйледі. Іле ауданы әкімінің есепті баяндамасын тыңдап және талқылай келе, мәслихат депутаттары оның атқарған жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға берді.

Қаралған мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында қаралып және талқыланған болатын.

IMG_9380

Екінші мәселе бойынша, Іле ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер еңгізуге келісім беру туралы, Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Азамат Серікұлы Жандосов баяндама жасады.

Кезекті сессияның күн тәртібіне «Іле ауданының 2020-2022 жылға арналған бюджеті туралы» мәселесін енгізу бекітілді.

IMG_9369

Кезекті сессиясының төрағасы болып №8 Байсерке сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты С.Б.Дөненбаев  сайланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *