Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилованың бастамасымен 2019 жылдың 5 маусымында дөңгелек үстел басында аудандық қызмет басшыларының көпбалалы аналар қоғамдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесудің қажет болу себебі, әйелдердің жауабын ала алмаған мәселелері бойынша туындаған еді. Көптеген мәселелер білім беру саласын (ҰБТ, тегін тамақ, жазғы демалыс, қаражат жинау және т.т.) қамтыды. Бірқатар мәселелер денсаулықсақтау қызметтерін көрсету бойынша (тегін медициналық қызмет көрсету көлемі, жедел жәрдем көрсету жұмысы, жеке мамандардың жетіспеуі және басқалар).
Кездесудің қорытындысы бойынша атқарушы билік органдарының көпбалалы аналармен аудан деңгейінде болсын, ауылдық округ деңгейінде болсын бірлесіп іс-қимыл жасау үшін жүйелі құрылым құру туралы шешім қабылданды.