2019 жылы 28 мамырда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXXII сессиясы өткізілді.
С.Нұрғісаеваның төрағалығымен өткізілген аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Естеусизова Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 36-169 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жасады.
Сессияның жұмысына аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.