Кезекті 41 сессиясында

Posted by

2019 жылдың 26 сәуірінде Іле аудандық мәслихатының кезекті XXХХІ сессиясында Іле ауданының 2018 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу есебі туралы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Б. Бөпетаева баяндама жасады және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары  А.А. Жайсанбаев қосымша баяндама жасады.

Іле ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының атқарылуына талдау қорытындысымен Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  К. М. Сағымбаев таныстырып өтті.  Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.В. Батыр қосымша баяндама жасады.

IMG_8044

Тұрақты комиссия төрағаларының есепті баяндамалары алдын ала алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының төрағалары: В. Батырдың, Ә. Исаевтың және Г. Ерубаеваның жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға беру сессияның қарауына ұсынылған болатын. Осыған орай сессияда тиісті шешім қабылданды.

IMG_8043IMG_8032

Іле ауданының Өтеген батыр және М.Түймебаев ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзету енгізу туралы және Іле ауданының Қараой, Қосөзен және Жаңадәуір ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекіту туралы,  Іле ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. Ш. Оналбаевқа баяндама жасады.

IMG_8025

«Іле ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынылғандар

  1. Әбдіжүнісов Ербол Әбдіжүнісұлы
  2. Жұмаділов Көлбай

Кезекті сессияның төрағасы болып № 13 Қараой сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты – Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сайланды.

Кезекті сессияның күн тәртібіне Іле ауданының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы, аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы мәселесі бекітілді.

IMG_8013

Сесия жұмысына аудан әкімі Б.Ә. Карасаев, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  К. М. Сағымбаев , аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық жиналыстарының төрағалары, баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *